Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында 3 айда пайдаланылмай жатқан 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз берілген жерлерді оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті.

Мемлекет басшысы жер саланың инвестициялық тартымдылығының негізгі элементі екенін атап өтті.

«Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ», – деді ол.

Бұл бағытта Жамбыл облысында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2025-2027 жылдары пилоттық жоба аясында Жаһандық экологиялық қор қаражаты есебінен Талас және Сарысу аудандарында 5 мың гектар жайылымдық жерлерді жақсарту жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың үш айында 11,7 мың гектар пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдар жергілікті тұрғындардың мал жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріледі, қалған жерлер конкурс арқылы тапсырылады.

2025 жылдың бірінші тоқсанында бес конкурс ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша айналымға 12 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері тартылды.

Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жерлердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мыңға дейін ұлғайды. 2025 жылы тағы 20 мың гектарға өсу жоспарлануда.

Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жерлердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мың гектарға дейін өсті. 2025 жылға қарай тағы 20 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 41 елді мекеннің 17-сінде жайылым тапшылығы мәселесі шешілген. 9 елді мекенде бұл мәселе ағымдағы жылдың соңына дейін шешіледі. Алайда, 15 елді мекенде халық тығыздығы мен қала шегіне жақын болғандықтан жайылым тапшылығы мәселесін толық шешу мүмкін емес. «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, облыстың барлық аудандарында жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарлары бес жылға қайта бекітіледі. Бүгінгі таңда Талас, Жамбыл, Меркі, Сарысу аудандары бойынша жоспарлар бекітілді.

Сообщение Жамбыл облысында 3 айда пайдаланылмай жатқан 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus