Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты назарда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің жергілікті атқарушы органдарындағы кадр тұрақтылығының жай-күйі қаралды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов кадр тұрақтылығына жүргізілген талдау қорытындыларын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев бос лауазымдар орнын толықтыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
2025 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында 121 тұрақты және 24 уақытша бос лауазым бар.
Қазіргі таңда өңірде 2314 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Жыл басынан бері олардың 453-і біліктілігін арттырды, 117-сі қайта даярлау курстарына қатысып, 90 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.
2 мамырға дейін барлығы 92 бос лауазымға 60 ішкі және жалпы конкурс тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан теріс себептермен босатылу фактілері тіркелген жоқ.
Бүгінге дейін Өңірлік кадр резервінің 7 мүшесі қызметке тағайындалды.
Басқосуда Тараз қаласы мен аудан әкімдері кадр тұрақтылығының жай-күйі бойынша есеп берді.
– Кадр тапшылығы мәселелердің жедел шешілуіне, жобалардың орындалу деңгейіне және азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасына кері әсер ететіні анық.  Осыған байланысты кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заң талаптарына сәйкес дер кезінде тиісті шаралар қабылдау қажет, – деп облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.
Сонымен бірге Өңірлік кадр резерві мүшелерін лауазымдарға тағайындау, аудандық және ауылдық деңгейдегі бос лауазымдарға жоғары оқу орындарының түлектерін конкурссыз орналастыру және өзге де мәселелер бойынша жұмысты жандандыруды талап етті.
Сондай-ақ аппараттық кеңесте облыс әкімінің Меркі ауданы тұрғындарымен кездесуда және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалу барысы сараланды.

Сообщение Кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты назарда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus