Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі? Министрлік болжамы

Биыл Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі? Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, биыл мамыр айы ыстық әрі құрғақ болады. Алайда астықты белдеуде, тау бөктеріндегі өңірлер мен елдің қиыр оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері болжам бойынша климаттық нормаға жуық болады.

"Мамырда құрғақшылық Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс жартысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі", – деді министр.

Министрдің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде жылы әрі қарлы қыс болғандықтан, топырақтың жақсы ылғалдануына негіз болған. Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріндегі егістік алқаптарда ылғал қоры негізінен қанағаттанарлық және оңтайлы деңгейде. Алайда сәуірдегі ыстық ауа райы белсенді булануға ықпал етті.

"Дәнді дақыл егілетін өңірлерде егіс жұмыстарын климаттық мерзімнен ерте жүргізу ұсынылады", – деді Нысанбаев.

Былтыр қазақстандық синоптиктер соңғы 20 жыл ең жылы кезең болғанын мәлімдеді. Қазақстанда ауа температурасы алдағы уақытта айтарлықтай қарқынмен өседі. Ал жауын-шашын бойынша өзгерістер айқын болмайды.

"Екі факторды біріктірсек, Қазақстанда құрғақшылық құбылыстарының күшеюі байқалады. Бұл үдеріс әсіресе елдің оңтүстік және батыс бөліктерінде айқын сезіледі", – деп мәлімдеді Қазгидромет.

Сонымен қатар жауын-шашын жиі нөсер түрінде түсетін болады, ал бұл топырақ қабаты жұқа өңірлерде эрозия үдерістерінің күшеюіне алып келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus