Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Таразда Отан қорғаушы күні аталып өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.
Баласағұн ОКЗ-де өткен шараға құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың өкілдері, өңір тұрғындары қатысты.
Облыс әкімі көпшілікті Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
– Отан қорғаушы күні – мемлекетіміздің қуаты мен берік тірегін айқындайтын, ел тыныштығы жолында өмірін сарп еткен жандардың ерлігін ұлықтайтын айрықша мереке. Бұл – әскери қызметті абыроймен атқарып жүрген ер азаматтардың қажырлы еңбегіне деген ел құрметінің жарқын көрінісі.
Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің әскери әлеуеті жыл санап нығайып, Қазақстан армиясы заман талабына сай жаңғырып келеді.
Бүгінде Қарулы Күштеріміз – ел қауіпсіздігі мен тұтастығының сенімді қалқаны. Әскеріміз шекара шебін берік күзетіп қана қоймай, халықаралық аренада да бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне белсене атсалысуда. Ел тыныштығын күзетіп, халық амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген қайсар ерлерімізге құрмет пен тағзым – әрбіріміздің азаматтық парызымыз, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен бірқатар азаматқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сообщение Таразда Отан қорғаушы күні аталып өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus