Қазақстан киносы: трендтер мен тығырықтар
Кино — шынайы өмірдегі оқиғалардың жиынтығы. Кейбір кинолар — қиял мен ойдың туындысы, өнердің бір түрі. Кино тарихы 1895 жылы 28 желтоқсанда Парижде Капучин бульварындағы “Гранд кафе” залдарының бірінде кинокөрсетілімнің алғашқы сессиясы өткен кезде басталды. Көп ұзамай бүкіл әлемде кинокомпаниялар мен киностудиялар құрыла бастады. Қазақстан киносына келетін болсақ, ең алғашқы киносеанстар 1910 жылы өткізіле бастаған.
1925 жылы Қазақстандық кино түсіру саласында алғашқы қадамдар сол кездегі астанамыз Қызылорда қаласында жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы “Годовщина КАССР” атты алғашқы деректі фильм жарыққа шықты. Қазақстан тарихындағы алғашқы көркем фильм — 1938 жылы Алматы кинохроника студиясында түсірілген “Амангелді”. Қазіргі таңда...