Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ауыл аманаты» жобасы тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда

«Ауыл аманаты» жобасы ауылдық жерде кәсіп ашуға ниетті азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Аталған жобаның арқасында ауыл тұрғындары жеке кәсібін ашып, отбасылық табыстарын арттыруға, ауыл экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Осындай игілікті жобаның жемісін Меркі ауданындағы Андас батыр ауылының тұғындары көріп отыр.

Шайхысламовтар отбасы 2024 жылы 2,5 пайызбен 4,2 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізіп, жылыжай кәсібін бастаған. Бүгінде олар шағын ғана жер телімінен табысқа кенеліп отыр. Кәсіпкер отбасы 1,5 сотық шағын жылыжайда альбион сұрыпты құлпынай өсіріп отыр. Заманауи агротехникалық тәсілдерге басымдық берген олар тамшылатып суару және гидропоника әдістерін қолданып, интенсивті жүйеде өнім алуда.
-«Сорхиян» корейлік сорт. Кокос субтратында өседі. Топырақ қолданылмайды. Дәрумендердің барлығын су арқылы алады,-дейді кәсіпкер.
Альбион сұрыпты құлпынайдың бір түбінен шамамен 1,5 келі, ал сольхянг сұрыпынан 700 грамға дейін өнім алуға болады екен. Арзыхан Даванова құлпынайды жаңа технологиялар арқылы өсіруді Қырғыз еліне барып, арнайы үш ай оқып, кәсіби біліктілігін жетілдірген. Қазіргі таңда ол құлпынай өнімдерімен қатар, құлпынай көшеттеріне де алдын ала тапсырыстар қабылдап, сатылымға шығарып отыр.
-Жалпы аумақ 10 соттық жер. 1,5 соттығы көшетке арналған. Қалғаны жылыжай. Сұраныс жоғары,-дейді Арзыхан Даванова.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша ауданнан 189 жоба ұсынылып, оның 99-ы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жолданған. Нәтижесінде 49 жоба нақты қаржыландырылған.Осылайша, жаңашыл көзқараспен, қажырлы еңбекпен және үздіксіз ізденіспен кәсібін дөңгелетіп отырған жас отбасы ауыл шаруашылығындағы отбасылық кәсіптің озық үлгісін көрсетуде.

Сообщение Ауыл аманаты» жобасы тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus