Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық әйел АҚШ-тан келген сәлемдеме үшін 16 жылға сотталды

Астанада АҚШ-тан Қазақстанға ірі көлемде есірткі жөнелтуге қатысты сот үкімі шықты. Әйел тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен өткізгені үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ақмола көлік прокуратурасы және Астана Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдады.

"Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды. "Қазпошта" АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 келі гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды", - делінген хабарламада.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus