Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қар, тұман және көктайғақ: 9 қаңтардағы ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 9 қаңтарда Астанада, Алматыда, Шымкентте және 16 өңірде ауа райы қолайсыз болатынын болжады. Кей өңірлерде қалың қар жауса, енді бір өңірлерде қатты аяз болып, екпіні күшті жел мен бұрқасын соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 25 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Бұрқасын, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ.

Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus