Көркем мінез сипаты: бармай жүрген адамға бару, үзгенді жалғау, бермегенге беру, кешірімді болу, жүректі тазартып жату, Аллаһу та'аладан кешірім сұрау.
Бұхар жырау: "Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?" деп, ұрпақ өрбітіп, бесік тербететін болашақ аналарға ең алдымен көркем мінезді болуды насихаттаған.
"Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез, ар деген нәрселермен озады. Бұдан өзге нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де — ақымақшылық" деген Абай атамыз 18-ші қара сөзінде. Көркем мінез — екі дүниеде де бақытқа бастайтын бірден-бір таза жол. Мінезі көркем адаммен дос болу, барлық адамның қалауы. Ал досы көпті жау алмасы анық.
Көркем мінез — адам бойындағы...