Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Лайықты азамат болатындарыңызға сенемін“. Тоқаев жас спортшылармен әңгімелесті

Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды.
Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.
Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.
Бұдан бөлек, нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап, бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.
Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.

"Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus