Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болады?

Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі тамақтан уланудың алдын алу шаралары туралы айтып, жаңажылдық үстелге арналған өнімдерді қауіпсіз етіп таңдау ережелерін еске салды.
Департамент басшысының орынбасары ГауҺар Каткенова ұсынған ақпаратқа сәйкес, биылғы жылы Алматыда жаппай уланудың бір жағдайы және ботулизмнің 10 жағдайы тіркелген. Оқиғалардың себептері санитарлық нормалардың бұзылуы, соңғы жағдайда өнімдерге термиялық өңдеуді дұрыс жасамау және үйде жасалған консервілерді пайдалану болды.

"Мереке қарсаңында біз санитарлық дәрігерлер ретінде жаңажылдық дастарқанға тамақ өнімдерін таңдау және тұтыну кезінде қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Тамақтан улануды болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды: балғын өнімдерді таңдау, жарамдылық мерзімдерін тексеру және жабайы базарлардан сатып алудан аулақ болу", - деп атап өтті Гауһар Каткенова.

Сарапшы сонымен қатар тағамды сақтау мен дайындау кезінде назар аударуды қажет ететін тұстарды атады. Атап айтқанда:

Азық-түлік таңдау: балғын өнімдерді сатып алыңыз, жарамдылық мерзімін, қаптаманың сапасын тексеріңіз және жабайы базарлардан сатып алудан аулақ болыңыз.
Сертификаттар: тауарлардың сапа және қауіпсіздік сертификаттары бар екеніне көз жеткізіңіз.
Сақтау: температуралық режимді сақтаңыз, әсіресе сүт және ет өнімдері үшін, шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.
Гигиена: тамақ дайындау кезінде қолыңызды үнемі жуыңыз және санитарлық нормаларды сақтаңыз.
Термиялық өңдеу: ет пен балықты жақсылап пісіру керек; дайындықты тексеру үшін пісіру термометрін қолдануға болады.
Тамақтану: тамақты үстел үстінде екі сағаттан артық қалдырмаңыз және асты бірнеше рет қыздырудан аулақ болыңыз.
Сусындар: алкогольдік сусындардың қаптамасының зақымдануын және жарамдылық мерзімін тексеріңіз.


"Біз ата-аналарды балаларға гигиена негіздерін үйретуге және жүрек айну, құсу немесе диарея сияқты улану белгілері туралы сөйлесуге шақырамыз. Мұндай белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінген жөн", - деді Гауһар Каткенова.

Сарапшы қорытындылай келе ұсынылған ұсыныстарды сақтау тамақтан улануды болдырмауға және мереке күндерін қауіпсіз және қуанышты етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus