Желіде тайғақ жолдағы сырғанау деңгейін төмендету үшін инертті материалды көліктің артында тұрып шашып жатқан ер адамның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" бұл шешім көлік қозғалысының жоғары интенсивтілігіне байланысты қабылданғанын хабарлады.
"19-20 желтоқсандағы қолайсыз ауа райы, оның ішінде боран, қар мен жаңбыр түріндегі қарлы жауын-шашын, температураның төмендеуі және мұздану нәтижесінде Самара – Шымкент трассасының (541 километр) қауіпті учаскесінде көліктердің колоннасы қалыптасты. Жолды тазалау үшін арнайы техника жұмыс істеді. Алайда көлік қозғалысының жоғары ағынына байланысты жол учаскесінің басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инертті материалды пайдалану туралы жедел шешім қабылдады, оны SsangYong пикаптың жүксалғышынан шашты, өйткені арнайы техника көлік колоннасы арасында маневр жасай алмады. Жолдың басқа учаскелерінде арнайы техниканың жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр", – деп жауап берді компания.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!