2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде тоналған Алматының орталығындағы "Променад" сауда орталығының орнына не ашылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының қала құрылысын жоспарлау және урбанистика басқармасы Tengrinews.kz-ке берген жауабында 2022 жылы "Promenade сауда-ойын-сауық орталығын қайта құру (нығайту)" нысаны бойынша жобалық құжаттама алынғанын хабарлады.
Facebook/Антон Гордеев
Сауда орталығының басшылығы ресми сауалға берген жауабында жақын арада қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланғанын хабарлады. Сауда орталығының аумағында мультифункционалды бизнес-парк ашылмақ.
Сауда орталығы аумағында коворкинг пен кеңселер болады деп жоспарланып отыр. Орталық иелерінің айтуынша, бұл жұмыстарды қаңтардың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
Promenade
Promenade ЖШС мәліметінше, Оpen Space аумағында 1600 жұмыс орнына арналған жабдықтар қарастырылған. Сондай-ақ орталықта алты мәжіліс бөлмесі, екі мәжіліс залы және 46 кеңсе жабдықталады.
"Променад" сауда орталығы Алматының дәл орталығында, Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысына жақын маңда орналасқан. Сауда орталығы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шекті.
Сауда орталығындағы бутиктердің бірінің иесінің айтуынша, орталықты тонауға тек қарақшылар емес, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да қатысқан. Тоналғаннан кейін сауда орталығының іші өртенді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!