Синоптиктердің болжамына қарағанда, 24 желтоқсанда Астанада, Алматыда және елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 15-18 м/с болады.
Астанада кей уақыттарда тұман түседі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.
Алматыда кей уақытта тұман.Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!