Хромтауда аязды күні жартылай жалаңаш баланы ертіп келе жатқан әйелдердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодан әйелдің баланы жетектеп бара жатқанын көруге болады. Бала тек футболка, ішкиім және шұлық киген. Видеоны түсірген адамның айтуынша, оқиға шамамен сағат 19:20-да болған. Ол кезде боран соғып, аяз болып тұрған.
Tengrinews.kz редакциясының сұрауына жауап бергенде, Ақтөбе облысының Полиция департаменті бұл оқиғада ешқандай қауіпті жағдай болмағанын және баланың жағдайы жақсы екенін айтты.
"Бұл оқиға Хромтауда болған. Бала киімсіз далаға жүгіріп шығып кеткен, анасы оны үйге алып бара жатқан. Ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп хабарлады полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!