Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес, 21 желтоқсаннан бастап Қазақстанның көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсер етеді - қар, бұрқасын және күшті жел күтіледі. Елдің тек батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы мүмкін.
21 желтоқсан күні Павлодар облысында, 22 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. 23 желтоқсанға қарай, батыс антициклонының әсерінен оңтүстік аймақтарда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды", - деді синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!