Желіде күлкілі видео тарап жатыр: алаяқ зейнеткерге телефон соғып, артынша полицейдің өзіне тап болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасқой дипфейк технологиясын қолданған: ол камера арқылы қазіргі жоғары шенді полиция қызметкері ретінде сөйлесіп, соның түрін пайдаланған.
Учаскелік полиция қызметкері мұндай "құқық қорғау қызметкерлерімен" қалай сөйлесу керегі жөнінде кішігірім шеберлік сабағын өткізді. Қазақша сөйлеуді өтінген соң алаяқ әрі қарай әңгімені жалғастырмай, телефонды қоя салған.
Мұндай жағдайларда әңгімелесушіге қазақша сөйлеу туралы өтініш жасау көмегін тигізеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазақ тілі күнделікті өмірде жиі қолданылатын өңірлерде мұндай қылмыстар айтарлықтай азайған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!