Әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы Астана уақыты бойынша 08:46-да 1,37 пайызға төмендеп, бір баррелі 72,38 доллар болды.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,57 пайызға төмендеп, бір баррелі 68,92 доллар болды.
Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің жаңа мәлімдемелері себеп болған. Сәрсенбі күні АҚШ ФРЖ күткендей, пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға төмендетіп, оны жылдық 4,25-4,5 пайызға жеткізді. Сондай-ақ жаңартылған болжамдар ұсынылды: енді 2025 жылдың аяғына қарай мөлшерлеме 3,9 пайызға төмендейді деп күтіледі. Бұған дейін, қыркүйекте, келесі жылдың аяғында мөлшерлеме 3,4 пайыз деңгейінде болады деп болжанған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!