Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейсенбіде Сенаттың пленарлық отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының ұсынысын енгізіп, Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатуды қарастыруды ұсынды.
"Сенат қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Екі судья да зейнет жасына жетті, судьялық қызметте тиісінше 28 және 37 жылдық тәжірибелері бар", – деді Малахов.
Сенат депутаттары судьяларды қызметінен босатуды бірауыздан қолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!