Маңғыстау облысы Ақтау сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілетеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы Ақтау сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады.
"Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. Биылғы 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!