Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда қанша бала мен ересек адам АИТВ жұқтырған?

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті елімізде қанша бала мен ересек адам АИТВ инфекциясын жұқтырғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша, АИТВ инфекциясының алдын алу орталықтарында есепте тұрған адамдар саны 32 231 болды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 372 бала бар", – деп хабарлады ведомство редакцияның сауалына жауап ретінде.

Министрлік мәліметінше, АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға динамикалық бақылау жүргізіліп, антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) аясында жүзеге асырылады.

"Бүгінде Қазақстан Республикасында 18 түрлі антиретровирустық препарат белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жекелеген санаттарына тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаторлық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілген. Бұл тізбе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен бекітілген. АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балалар, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы инфекция ошақтарындағы науқастар өмір бойы бір өндірушінің препараттарымен қамтамасыз етіледі", – деді министрлік өкілдері.

Антиретровирустық терапияның бірінші желісіне жататын препараттардың бір жылдық курсының құны – жылына 104 025 теңге. Ал дәрілік тұрақтылық дамыған жағдайда немесе бірінші желі препараттарына қарсы көрсетілімдер болған жағдайда тағайындалатын екінші желі препараттарының бір жылдық құны – 1 330 790 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus