Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, Mercedes көліктері мен бұйымдарына бұғат қойылды

Сот санкциясы бойынша, қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы әрі жетекшісі Перизат Қайраттың жылжымайтын мүлкі мен бұйымдарына бұғат қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соттың санкциясы бойынша, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астанадағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдеріне бұғат құйылған.

"Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылғаны айтылды. Тәркіленген заттар бойынша сот анықтайтын болады. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

"Егер сіз Перизат Қайраттың қаражаттың, жылжымайтын мүліктің және басқа да мүліктің (оның ішінде үшінші тұлғаларға ресімделген) орналасқан жері туралы ақпаратты білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе +7 (7172) 70-84-78, 70-84-79 (қосымша нөмірі: 21384) телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген ҚМА хабарламасында.

Еске салайық, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus