Төтенше жағдайлар министрлігі су қоймаларындағы мұздың қауіпсіз екенін қалай ажыратуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мұздағы қауіпсіздік туралы ескертті:
берік, қауіпсіз мұз - көкшіл немесе жасыл түстес, қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болады;қауіпті мұз - сұр, сары реңдегі ақ түстегі мұздар;әсіресе, бұта-тоғандар өскен, су қайнарлары бар, ағысы тез жерлердегі мұз қауіпті болады;қалыңдығы 25 сантиметрден кем болатын мұз бетіне шығу үшін, құтқару кеудешесі, ысқырық, ұялы телефонды салу үшін су кірмейтін пакет, суға батқан кезде құтқарылуға көмек беретін 2 метр ұзындықтағы таяқ немесе ұзындығы 12 метр арқан болуы керек;мұздың астына түсіп кеткенде шығу үшін қармаушы құрал қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!