Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мемқызметкерлер Президент тапсырмасын орындамағаны үшін жұмыстан шығарылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілерді жазалаудың жаңа ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жуырда Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Олардың кейбіреулері мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне қатысты.
МҚІА Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер әкімшілік және саяси болып бөлінетінін айтты.
Саяси мемлекеттік қызметшінің қызметі саяси анықтаушы сипатқа ие және ол саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жауап береді. Олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау тәртібі 2015 жылы бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында көзделген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы тәртіптерге жоғарыда аталған тәртіпті реттеу мақсатында өзгерістер енгізді.

"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Президенттің тапсырмаларын, Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамау немесе тиісінше орындамау үшін саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдануды қарастыратын нақтылаушы сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", – делінген агенттік жауабында.

Айта кетейік, "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес, қызметтік тәртіпті және қызметтік әдепті бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, мемлекеттік лауазымын төмендету (сайланбалы негізде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) және атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus