Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда қандай дәрігерлер жетіспейді?

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы өте өзекті мәселе екенін мәлімдеді. Ол Қазақстанда қандай мамандар жетпейтінін де айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Депутаттың сөзінше, ауылдық жерлерде ғана емес, елорда да, облыстарда да мамандар жетпейді.

"Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласына орасан зор қаржы бөлініп жатыр, бірақ әзірге халықтың толық сұранысына қолжеткізу мүмкін болмай отыр. Еліміздегі көптеген медициналық ұйымда материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткілікті болса да, "бәрін кадр шешеді" мәтелі маңызын жойған жоқ", – деді депутат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңында 4 864 дәрігер жетпейтіні анықталған. Әсіресе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дәрігер тапшылығы, сондай-ақ, бірқатар ауыл, ауданда да маман жетіспеушілігі байқалады.
Сұранысқа ие мамандықтар қатарына терапевтер, анестезиологтар және акушер-гинекологтар жатады. Сенатор Денсаулық сақтау министрлігіне мәселені шешу үшін бірқатар нақты шараны ұсынды.

"Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурсы мәселесі бойынша "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі заңнамалық акті жобасын Парламенттің қарауына енгізу жөніндегі жұмысты жеделдетуі қажет. Денсаулық сақтаудың тиімді кадр саясатын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеу мен бекітуді қарастыру керек. Қолданыстағы заңнама бойынша көпсалалы университет клиникаларын құру мәселесі бойынша жұмысты аяқтау керек", - деді сенатор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus