Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шетелдіктерге бақылауды күшейту ұсынылды

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай заңсыз көші-қон мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Қазақстанда заңсыз көші-қонның өсуі әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Ол депутаттық сауалында Бас прокуратураның деректерін келтірді. Ресми ақпарат бойынша заң бұзған шетелдік азаматтардың саны 2024 жылы едәуір өсіп кеткен болып шықты.
Биылдың өзінде 82 мыңнан аса мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 1,2 мыңға жуық жұмыс беруші шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған.

"Жалған еңбек шартын, медициналық анықтамаларды жасап, заңсыз есепке қойған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері тұратын қылмыстық топ анықталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша қазір 13,2 мың шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының жұмысқа шақыру рұқсат қағазы жоқ. Заңды және заңсыз мигранттардың жинақталуы әлеуметтік-экономикалық ғана емес, қауіпсіздік мәселелерінің туындауына әкелуі мүмкін", - деді депутат.

Бибігүл Жексенбайдың пікірінше, Қазақстанға шетел азаматтарының келуіне бақылауды күшейту, еңбек мигранттарын заңдастыру жүйесін дамыту қажет, сонымен қатар заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандарға, еңбек ресурсын пайдаланғандарға жазаны қатаңдату қажет.

"Шекарада қатаң шаралар қолдану, бақылауда инновациялық технология пайдалану және мигранттар арасында хабардарлықты арттыруды көздейтін кешенді тәсіл ғана өсіп келе жатқан қауіпті жеңуге көмектеседі. Қазақстан экономикалық мүддесін қорғап қана қоймай, қоғамда тұрақтылықты сақтап, барлығына қауіпсіз және әділетті түрде жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуі маңызды", - деді Бибігүл Жексенбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus