Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ұшып келді. Бұл ақпаратты Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эмомали Рахмон 28 қарашаға жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады деп күтіледі. Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады.
Сурет:Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметінен
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!