Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 26, 27 және 28 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз солтүстікте және елдің орталығында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, ал оңтүстікте екпіні 23-28 метрге дейін жетеді деп күтіледі", – делінген хабарламада.
Метеорологтар температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!