Дмитрий Мун цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.
1991 жылы Астанада дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы Астанада "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығында сарапшы болып бастаған.
Әртүрлі жылдары "Қазпошта" АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары - Астанада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.
2020-2023 жылдары - Астанада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!