Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасымен өңірде өткен жылы 15 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық бекет пайдалануға беріліп, биыл 11 нысанның құрылысы жүріп жатыр.
Соңғы 2 жылда 4,1 млрд.теңгеге 13 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр.
"Денсаулық сақтау мекемелерінің автопарктері жыл сайын жаңартылуда. Өткен жылы 25, биыл 200 санитарлық автокөлік табысталды. Осы кезге дейін жеке ғимараты болмаған облыстық Қан орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсек-орынға арналған орталық құрылысы басталады", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.