Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қар және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 тамызда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз көктайғақ.

Ұлытау облысының орталығында, шығысында кей уақыттарда қалың қар жауады, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталықта, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, түнде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, облыстың оңтүстігінде 23 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus