ҚМА қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ісі бойынша қосымша ақпарат беруге уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, жақын арада журналистер мен қоғамға осы іске қатысты қосымша ақпарат беріледі.
"Кеше ресми парақшаларда, сайтта, әлеуметтік желілерде ресми ақпарат жарияланды. Қазіргі уақытта мен бұдан артық ақпарат бере алмаймын, себебі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарымен шектелемін", – деді Әбділов.
Журналистер ҚМА ресми өкілінен Перизат Қайрат ісіне басқа блогерлердің қатысы бар-жоғын сұрады.
"Бұл бағытта да жұмыс жүргізіліп жатыр, азаматтарға көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Егер қосымша деректер анықталса, оларды да қоғамға жеткіземіз", – деп қосты Әлібек Әбділов.
Еске салайық, бұған дейін ҚМА волонтерлік қозғалыстың белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!