Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкердің қаза тапқаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид. Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады ҰҚК.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!