Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балалардың қолынан түспейтін “лапка“ ойыншығы несімен қауіпті?

Мектеп оқушылары арасында жабысқақ "лапка" ойыншығы трендке айналды. Слайм ойыншығына ұқсас антистрестік құралдың денсаулыққа кері әсері бар ма? Massaget.kz маманнан сұрап көрді. 
"Лапка" деген не?
Лапка - мысықтың табанының пішініне ұқсатып жасалған стреске қарсы танымал ойыншық. Ол жұмсақ және икемді силиконнан тұрады және әдетте айна немесе әйнек сияқты әртүрлі тегіс беттерге жабысатын қасиеті бар. 
"Лапка" әртүрлі түстер мен дизайндарда болады. Көбіне ішіне жылтыр немесе басқа сәндік элементтер қосылады. Олар шаң мен ұсақ заттарды тез жинайтындықтан, бөлек қапшықта сақтаған дұрыс.
Ол неден жасалады?
"Лапка" ойыншығы бірнеше заттардың қосындысынан тұрады. 

Силикон немесе термопластикалық резина (ТПР). Негізгі материал ретінде созылмалы, жұмсақ және былқылдақ тәрізді сезім тудыратын силикон немесе ТПР қолданылады. Бұл материал ойыншыққа жұмсақтық пен икемділік беріп, оны қысқанда, созғанда және түрлі формаларға оңай оралуына мүмкіндік береді.
Желатин немесе гидрогель негізіндегі толтырғыш. Кейбір "лапка" ойыншықтарының ішінде су негізіндегі гель немесе гидрогель толтырғыш болады. Бұл толтырғыш оның созылғыштық қасиеттерін күшейтіп, ойыншыққа антистресс әсерін береді.
Қосымша элементтер. Кейбір ойыншықтарда жылтыр элементтер немесе ұсақ түйіршіктер болуы мүмкін. Олар лапкаға декоративті көрініс береді. Әдетте бұл элементтер қауіпсіз пластиктен жасалады және олар ойыншықтың ішкі қабатында орналасып, сыртқа шықпайды.

Балалар неге құмар?
Балалардың бұл ойыншыққа құмартуында көп себеп бар. Біріншіден, оның формасы, былқылдақ қасиеті балалардың тактильді сезімін оятады. Түрлі формаға келтіру арқылы ойындар ойнайды. Екіншіден, оның жабысқақтығы балалардың қызығушылығын оятады. Оны қабырғаға, терезеге немесе басқа тегіс беттерге жапсырып, оның біртіндеп төмен сырғанап түскенін қызықтап тамашалайды. Бұл процесс балалар үшін көңілді әрі қызықты көрінеді. Үшіншіден, оның сыртқы дизайны мен жануарлардың табанына ұқсауы да балаларды қызықтырады. Төртіншіден, оның трендке айналуы бір-бірінен қалмай, жаппай сатып алуына әсер етіп жатыр.
Денсаулыққа әсері
Педиатр Сұлушаш Едіге "лапка" ойыншығының балалардың денсаулығына қалай әсер ететіні жайлы былайша пікір білдірді.

"Лапка" ойыншығын қысу, созу және түрлі формаға келтіру ұсақ моторика дағдыларын жақсартады. Бұл жазу, сурет салу сияқты қабілеттерді дамытады. Сондай-ақ тактильді сезімді дамытады. Бұл әсіресе сенсорлық қабылдауында ерекшелігі бар балалар үшін пайдалы. Оны созу, қысу және лақтыру арқылы балалар тактильді, визуалды және моторлы дағдыларын жетілдіреді", - дейді ол. 

Десе де, маман оның зиянды тұстарын да ұмытпау қажеттігін атап өтті.

"Лапка" ойыншығы жыртылып кетсе, бала терісіне желімі тиіп, дененің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Кейбір балалар қызығып аузына салуы да мүмкін. Ондай жағдайда бала уланып қалуы да мүмкін", - деді ол. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus