Ауылда. Әлия мен Әсет қалада туып, сонда өсіп келеді.
— Жақында аталарыңа барамыз, — деді бір күні әкесі.
Келесі күні әкесі мен шешесі Әсет пен Әлияны ауылға алып келді.
Әлия мен Әсет екеуі атасы мен әжесінің қолында қалғанына екі-үш күн болды. Әлия көбінесе әжесінің қасынан шықпайды. Әсет атасымен бірге жүреді. Кешке қарай мал қоралауға үйреніп алды.
Бірде кешкі шай алдында әжесі Әсетті іздеп, үйді айналып шықты.
Әсет жоқ. Көрші балалардан сұрады. Әлиядан сұрады:
— Әсетті көрмедің бе, балам?
— Зообақта жүр, — деді Әлия.
— Қарағым-ау, зообағы несі?
Әлия нақтылай сөйледі:
— Қорықпа, әже. Әсет зообақта жүр. Күні бойы содан...