Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті:"Философия және саясаттану"
Кафедрасы: "Дінтану және мәдениеттану"
Орындаған: Таймас Асылжан Әзімханұлы
Жетекші: Кудерина Айжан Нұрхамитқызы
Архетиптік бейнелер әрқашан адамның даму процессінде болады, олар мифологияның, діннің, өнердің қайнар көзі болып табылады.
Архетип мәдени түпнұсқа ретінде ұрпақтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады, халықтың өткенін көрсетеді.
Әлемнің ұлттық бейнесі – этномәдени архетип. Қазақ мәдениетінде сан алуан архетиптер бар; олардың арасында жиі кездесетіні: Шаман, қорқыт, тұлпар, хан тәңірі, ұмай, аруақ, тотемдік жануарлар (арқар, бұғы, бұлан, қошқар), жыртқыш құстар.
Шаман. Әр халық өз шамандарын (бақсыларын) өзінше атайды: алтайлар, хакастар, тувалар – кам; якуттар - ойун; Қазақтар, қырғыздар, түркімендер – бақсы...