Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан академиялық хаб құрып жатыр — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Conneсted-2024» халықаралық конференциясына қатысушыларға жолдаған құттықтауында білім, инновация саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Білім-ғылым мен инновация, цифрландыру және экология мәселелерін талқылауға арналған іс-шарада Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Президенттің конференция қатысушыларына жолдаған құттықтауын оқыды.

«Қазір әлемде жаңа технологиялар мен жасанды интелектінің қарқынды дамуына, ауа райының және қуат көздерінің өзгеруіне байланысты ауқымды сын-қатерлер пайда болуда. Осы ретте мемлекеттердің жан-жақты және тұрақты өркендеуі үшін білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор. Сол себепті Қазақстан шетелдің беделді жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып академиялық хаб құру жолында белсенді жұмыс жүргізіп келеді», — дейді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған қадамдар Қазақстанның ғылыми-инновациялық әлеуетін арттырудың берік негізін қалыптастырып жатқанын атап өтті.

«Conneсted-2024 конференциясы осы мақсатқа жетуге септігін тигізеді. Бүгінгі басқосу ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық байланысын бекемдеуге, білім беру және адам капиталын дамыту саласына тың тәсілдер ашуға жол ашады деп сенемін», — делінген құттықтауда.

Айта кету керек, биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық іс-шараға әлемнің 60 елінен 300-ге жуық халықаралық деңгейдегі сарапшылар шақырылған.

Сообщение Қазақстан академиялық хаб құрып жатыр — Президент появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus