Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасымен өтетін футзалдан әлем чемпионатының ширек финалдық ойыны алдында Қазақстанға қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, халықаралық турнирдің 1/8 финалында Қазақстан Португалия құрамасын жеңген болатын: шешуші гол соңғы секундтарда соғылды.
"Қазақстандық ойыншылар Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов және Шыңғыс Есенаманов, сондай-ақ олардың жаттықтырушысы Кака ескерту алды. Егер тағы бір сары қағаз алса, командасы өтсе де, жартылай финалға қатыса алмайды. Бұл Аргентина құрамасына, Анхель Клаудиньо, Лусиано Гауна, Агустин Пласа, Пабло Таборда және Кики Вапоракиға да қатысты", - деп келтіреді ФИФА-ның хабарламасын Vesti.kz.
Аргентинаға қарсы ойын бүгін, 30 қыркүйекте өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Ескертулер ширек финалдан кейін жойылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!