Міркемел Айнұр
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Адамгершілік әліппесі.
Жамбыл Абай мен Шәкәрімнің кітаптарын зерделей келе, терең ойға батты. Оның санасын философиялық ойлар торлағанын аңғарған досы Сәкен мән-жайды сұрастыра бастады:
Көк өрім шағыңнан ойшылдардың даналығынан сусындап жүр едің,
бірақ осы білгендерің ерекше әсер еткендей.
Сәкен сен бе едің? Табалдырықта тұрмай, отыра ғой. Диссертациялық жұмысымда Абай, Шәкәрім аталарымыздың «жан», «тән» мәселесін саралап жатқанмын. «Тумай жатып, толдым деме, толмай жатып, болдым деме», - дейді Мұхат Әуезов. Даналырымыздың маржандарының қыр-сырын түгел білемін дей алмаймын. «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір» демекші, «білемін» дегенше, зерделеп, болашақ ұрпаққа насихаттау, дәріптеуді меңзеп отырмын, - деп Жамбыл...