Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Менің атым Қожадағы“ Жанар: көз жұмған актриса туралы не белгілі?

Кеше "Менің атым Қожа" фильмінде Жанар есімді кейіпкерін сомдаған актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті. ҚР Еңбек сіңірген әртісі туралы не белгілі? Толығырақ Massaget.kz тілшілері дайындаған материалдан оқыңыздар. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі өкілдері жеткізді.

"ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың әртісі Күләш Сопқанқызы Қажығалиева өмірден өтті. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген қазанамада.

Актриса 1942 жылғы 9 маусымда Алматы облысы Үйгентас ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс істеген өнер иесі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасындағы Жанар рөлін ойнаған.

"Қызыл сұңқарлар" - Маруар,
Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" - Қамқа шеше,
Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" - Кемпір,
"Ақ кеме" - Кемпір,
С.Балғабаев "Қыз жиырмаға толғанда" - Ғани, Ә.Тарази "Жақсы кісі" - Балзия,
О.Бөкей "Атау-Кере" - Марфа,
"Ауылдан келген ару" - Сәндігүл,
С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" - әже,
А.П.Чехов "Шағала" - Полина Андреевна және тағы басқа кейіпкерлерді сәтті сомдаған.

Өнер иесі 1998 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталған.

Бұдан басқа, Қазақстанның "Ерен Еңбегі үшін" медалімен;2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалімен;2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.

Актриса режиссер Қалиолла Мерғазиевпен бас қосқан еді. Оның артында Қуандық, Құралай мен Қарлығаш есімді балалары қалды.
Айта кетейік, актрисаның жаназасы 13 қыркүйек сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтерде өтеді. Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191-де болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus