Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Елімізде қанша адам аты мен тегін өзгерткен? Министрлік жауап берді

Елімізде кейінгі жылдары аты мен тегін өзгерткендер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Massaget.kz тілшісі осы орайда Әділет министрлігіне аты мен тегін, әкесінің атын өзгерткендердің статистикасын сұрап, ресми сауал жолдаған еді.
Кейінгі 3 жылда қанша адам тегін ауыстырған?
"АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне сәйкес
2020 жылы – 9 280,2021 жылы – 12 767,2022 жылы – 12 207 атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазба тіркелген.

"2024 жылдан бастап АХАТ бөлімдерімен Т.А.Ә ауыстыру бойынша жеке азаматтық хал актісі тіркелмейтіндіктен, халықтың аты-жөнінің өзгеруі туралы статистиканы ұсыну мүмкін емес", - делінген ресми жауапта.

Тегін өзгерткені туралы құжат беріле ме?
Әділет министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңымен мемлекеттік тіркеу түрі алынып тасталған. Яғни, қазір азаматтардың тегін өзгерту туралы құжат берілмейді. Сондай-ақ, АХАТ бөлімдерімен тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру бойынша жеке азаматтық хал актісі тіркелмейді.

"2022 жылғы 14 шілдедегі Заңымен ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздік пен білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң) мемлекеттік тіркеу түрі алынып тасталды, қандай деректер өзгеретініне байланысты туу туралы куәлікте, некені қию, некені бұзу туралы куәлікте өзгерістер көрсетіледі (осыған сәйкес, азаматтардың Т.А.Ә өзгеруі туралы құжат алынып тасталды)", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus