Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкіл Изуми Накамицуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу барысында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстанның БҰҰ институттарымен жан-жақты ықпалдастығының перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарына ілтипат білдіре отырып, Ұйым қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешуде айрықша рөл атқаратынын және оның орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынын атап өтті.

"Қазақстанның қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау мәселесіне қатысты ұстанымы берік. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар тұрғысынан алғанда, бұл мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы арта түсті. Мұның алаңдаушылық туғызатыны сөзсіз. Ертең біз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтеміз. Бұл – бүкіл адамзат баласына ядролық сынақтар жүргізудің әрі ядролық қаруды қолданудың қауіпті екенін еске салатын өте маңызды дата. Еліміз БҰҰ институттарымен тығыз байланыс орнатуға бейіл әрі Ұйымды баламасы жоқ, әмбебап халықаралық құрылым ретінде қарастырады, – деді Президент.

Изуми Накамицу Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерісте көшбасшылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Изуми Накамицу халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus