Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз көлікте тірідей жанып кетті
Аймақ полиция департаменті баланың қайтыс болуы туралы тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс туралы хабарлады.
"27 тамызда Хромтау ауданының Дон кентінде аулада тұрған ВАЗ автомашинасының өздігінен өртеніп кетті, бұл көрші үйдің бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталады. Автокөліктің салонында қайтыс болған 10 жастағы қыз болған", - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға кезінде қыздың ата-анасы үйде болған.
View this post on Instagram
A post shared by Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)
Құқық қорғау органдары өрттің себептерін анықтап жатыр. Соталды тергеу басталды, барлық қажетті сараптама тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!