Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлы ақын есімі ұлықталған кеш

10 тамыз – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Айтулы дата қарсаңында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты танымдық кеш өтті. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттап, қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың қызығушылығын арттыруды мақсат еткен шара «Мәміле» клубы отырысының аясында ұйымдастырылды.
Рухани кеш түндігі ақынның «Жарқ етпес қара көңілім неғылсада» әдеби музыкалық композициясымен түрілді.
Шараның алғы сөзін алған облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева ұлы ақынның өміршең шығармалары жайында жастарға кеңінен мәлімдеді.
Кеш барысында Хәкім Абайдың шығармаларынан үзік ойлар айтылып, сүбелі жырлары оқылды. Өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Ақылшаұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Рахат Саламатова тағылымды шараға жиналған қауымға Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес, шетелдіктер қазақты Абай арқылы танып, ақынның жырлары арқылы бағалайтындығын айтты. Сондай-ақ, оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатып, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылатындығына тоқталды.
Сонымен қатар, қалалық №34 орта мектептің директоры Динара Нуралиева ақынның «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп» өлеңін мәнерлеп оқыса, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ белсендісі Аяна Ким «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» шығармасын көпшілікке ұсынды.
Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Танымдық кеште Жуалы аудандық «Мыңбұлақ» халық театрының режиссері Ербол Бекжанов, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі Эсмер Дурсунова ақынның қара сөздерінен үзінділер оқыды. Ал Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының магистрі Бақтияр Бекназаров ұлы ақынға арнап, жыр жолдады.
Бұдан бөлек, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Ерлан Ибаділдаев Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» әнін тамылжыта орындады.
Шара соңында мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы Абай жырларын оқып, насихаттап жүрген жастарға «Әлемді аялаған сөз» атты еліміздегі этнос өкілдерінің ақын жайлы жазбалары жинақталған кітап тарту етті.

Сообщение Ұлы ақын есімі ұлықталған кеш появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus