Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан: Төлебиде мектептер жаңартылып жатыр

Түркістан облысы, Төлеби ауданында білім беру мекемелерінің ғимараттары жаңартылады. Бүгінде 68 мектептің біреуінде жаңа ғимарат құрылысы жүргізілсе, 3 білім ошағы ғимаратында күрделі жөндеу, 43-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бірінші мамыр ауылдық округі Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық мектебінің құрылыс жұмыстарының бүгінгі таңда 90 пайыздан астамы жүргізіліп, 2024-2025 оқу жылының басына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме "Дос и К сервис" ЖШС. Құны 925 миллион теңге. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Сондай-ақ, Көксәйекте аудандық саз мектебі ғимараты құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылына толық пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

"Жайлы мектеп" пилоттық жобасы аясында ауданда 3 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар: Қосағаш елдімекенінде 300 орындық, Көксәйек елдімекенінде 600 орындық, Достық елдімекенінде 900 орындықты мектеп ғимараттары. Бұл мектептің үшеуі де 2024 жылдың соңына пайдалануға беріледі деп көзделген. Оған қоса, Қостөбе шағын жинақты, Қазақстан, Бекасыл Биболатұлы атындағы жалпы орта мектептерінің ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Төлеби ауданындағы жалпы білім беру мекемелерінің саны – 126. Оның ішінде 68 мектеп, 56 балабақша, 4 мектептен тыс мекеме, аудандық оқушылар үйі, аудандық саз мектебі, қалалық балалар саз мектебі, көркемсурет мектебі бар.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus