Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан: Түлкібаста жаңа мектеп салынып, 8 білім ұясы ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Бақыбек мөлтек ауданындағы 300 орындық заманауи мектептің құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда қабылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған білім ордасына арнайы табан тіреп, атқарылған жұмыстарды саралады.
Үш негізгі корпустан тұратын білім ұясында балаларға орта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Іші толық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған, жаңа оқу жылына дайын. Жолды реттеу жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан басшысы аталған мәселені тездетіп шешу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі. Сонымен қатар білім бөлімінің мамандары мен тиісті мекеме басшыларына балалар қауіпсіздігін қатаң сақтау үшін мектеп айналасындағы құдықтардың бетін бітеп, трансформаторларды дереу қоршау қажеттігін ескертті.

Бұдан соң аудан әкімі қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүріп жатқан Жанкент мектебіне арнайы барып, ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мектеп сыртын қаптау жұмыстары тамыз айының үшінші онкүндігінде толық аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда дәл осындай жеті мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, Алғабас мектебі аяқталған болса, Молдағұлова мектебінде жұмыс атқарылып жатыр.

Аудан әкімі Ынтымақ ауылындағы Алма Оразбаева мектебінде болып, жаңа оқу жылына дайындық барысын қадағалады. Өткен жылдан өтпелі болып, күрделі жөндеуден өткен мектептің директорына мектеп ауласын көріктендіру, көгалдандыру бойынша біршама ескертпелер жасады.
Суретте: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus