Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары пысақталды

Түркістан облысының білім беру нысандарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқталуы тиіс. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тиісті басқарма өкілдерімен және аудан, қала әкімдерінің жауапты орынбасарларымен бірге осы тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жиынға мердігер компанияның өкілдері де қатысты.


"Жаңа оқу жылының басталуына бір ай ғана уақыт қалды. Биыл 300-ден астам білім беру ұйымында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде балабақша, мектеп және колледждер де бар. Жалпы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен тозығы жеткен немесе апатты жағдайдағы білім ұяларын реттеу, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Бұл мақсатқа тиісті қаражат бөліп, ел игілігі үшін бағыттап отырмыз. Енді мерзімінде тиісті жұмыстарды аяқтаңыздар. Үлгереміз деп сапаны ұмытып кетпейік. Мектептің сыртқы жұмыстары да оқу процесіне кедергі жасайды. Бей-жай қарамаңыздар. Екі ауысыммен жұмыс істеңіздер. Жұмыс күші жетпесе, оны шешейік", – деген Бейсенбай Дәулетұлы құрылыс барысы қатаң бақыланатынын жеткізді.


Жиын барысында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов баяндама жасап, жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

Қазіргі уақытта мектеп саны 1052-ге жетті. Соның ішінде 193 мектеп пен балабақшада, 12 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал 22 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 7-еуі "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 5-еуі жаңа оқу жылында халықтың игілігіне тапсырылады. Қалған мектептерге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған.
Сонымен қатар, 106 білім нысанының жылу жүйесі газға ауыстырылмақ.
Сурттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus