Қазақтың көпшілігі біле бермейтін ұлттық тағамдарының бірі — бұжы деп аталады. Бұл тағам жаңа сойылған малдың етінен дайындалады. Бұжы ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық тағамы. Оны жаңа сойылған малдың ішек қарнынан жасайды.
Бұжы әзірлеуде бізге ең қажеттісі малдың қарыны. Бұл тағамды әзірлеу үшін қой немесе ешкі етін және іш майы мен бауырын ұсақтап турап, оған аздап ұн себеміз де, дәміне қарай пияз, бұрыш, тұз қосамыз. Сосын туралған қоспаларды әбден араластырып, бүйенге не қарынға саламыз. Содан кейін бүйеннің ашық тұрған ұшын жіңішке істіктермен түйреп, бекітеміз. Ұшын жақсылап байлағаннан кейін оны суық су құйылған кәстрөлге салып, отқа қоямыз да, 1,5-2 сағат баяу...