2 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында бұрын жоғалып кеткен жеті жасар Богданның денесі Барашки ауылы маңындағы өзеннен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Бала 23 шілдеде жоғалып кетті - таңертең ол серуендеуге шығып, кейін оралмаған. Оның киімі мен аяқ киімі Ертіс жағасынан Самал саябағынан табылған. ШҚО полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, сол күні Богдан досымен бірге жағажайға шомылуға кеткен.
"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Жұма, 2 тамыз күні Ертіс жағалауында баланы іздеуге тағы бір ауқымды шара жүргізілді. Іс-шараға полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер, әскери қызметкерлер қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!