Tengri Sport сәрсенбі, 31 шілдеде Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа шығу бағдарламасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11:30 Триатлон, әйелдер арасындағы жеке жарыс. Екатерина Шабалина қатысады.
12:00 50 метрден мылтықтан үш позициядан ату, ерлер арасындағы біліктілік. Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский бағын сынайды.
14:16 Бокс, алдын ала кезең, ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Махмұд Сабырхан мен Jose Quiles Brotons (Испания) жұдырықтасады.
18:00 Үстел теннисі, жекелей біліктілік ерлер арасында. Кирилл Герасименко мен Omar Assar (Мысыр) бақ сынасады.
20:30 Көркем гимнастика, көпсайыс, ерлер финалы. Қазақстан атынан Милад Карими қатысады.
00:36 1 тамыз бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Валентина Хальзова мен Atheyna Bibeichi Bylon (Панама) күш сынасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!